Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр
Жаз бойы алма тергендер де айлықтан қағылған.Шымкентте індет өршіп тұрған тұста өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, инфекциялық аурухананың жаңа бөлімшесінде жұмыс істеген жетпіске жуық азамат не айлығын, не үстеме ақысын ала алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ала жаздай алма тергендер де айлықтан қағылған. "Ереуілге шықсақ қана айлығымызды аламыз" деген Алматы облысындағы "Алма Грин Филдс" компаниясының қызметкерлері жалақылары кешігіп жатқанын айтып наразы.
"Дүкен біткенге қарыз болып біттік" деген ел көмірді де қарыз дәптеріне жазғызып алып жүр.
Еске салсақ, Өскеменде азаматтар көмір кезегінде бірнеше күннен бері тұрғанын айтқан еді. Базаға көмір Өскемен қаласының әлеуметтік аз қамтылған отбасылары үшін жеткізілген.