Шымкентте аутист балаларға көмектесетін жаттықтырушыларды даярлау курсы басталды
Ол 19-23 шілде аралығында өтеді. Жаттықтырушылар дайын болған соң 56 отбасымен жұмыс істейді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ балалар қоры бірлесе отырып жаттықтырушыларды даярлауды бастады. Олар (CST шеңберінде) даму барысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына жәрдемдеседі.
Шымкентте болашақ 14 жаттықтырушының бірінші тобын оқыту 19-23 шілдеде өтеді. Жаттықтырушылар керек білім мен дағдыны игерген соң, тәжірибесін 56 бала және олардың ата-анасымен бөліседі.
Оқу курсына:
- материалдарды бейімдеу;
- жаттықтырушыларды даярлау;
- мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді.
Бағдарламаның мақсаты:
- психикалық және физикалық денсаулығында кінәраты бар, 2-9 жас аралығындағы аутист балаларға көмектесу;
- ата-ана мен баланың өзара түсінісуіне көмектесу;
- отбасы өміріне араласу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту;
- ата-аналарға жүйке жүйесіне салмақ түсірмеуге көмектесу.
Еске сала кетейік, CST (Caregiver Skills Training) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.