Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын автожол уақытша жабық болады. Мамандардың хабарлауынша, қар деңгейі әдеттегіден 30 сантиметрге жоғары. Бүгін сағат 09:49-да Үлкен Алматы өзені бассейнінде 7 мәрте қар көшкіні тіркелген, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі сайтының баспасөз қызметі. 

"Медеу мұз айдыны – Шымбұлақ тау-шаңғы кешені" автожолы бойында 11 қауіпті қар көшкіні жиыны орналасқан. Ол жердегі барлық қар осы жолға түсетіндіктен, жол бойындағы көліктер мен жаяу жүргіншілер өміріне асқан қауіп төндіреді. Адам шығынын болдырмау мақсатында Шымбұлаққа көтерілетін автожол көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жабық болады", – делінген хабарламада. 

Жыл сайын көктем кезінде қар көшкіні қаупі жоғарылайды. Себебі қыс кезінде қар жиналып, көктем кезінде тау басында тұрақтай алмайды.


Оқи отырыңыз: Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорымды су шайып жатыр


Көбіне қар көшкіні күндізгі уақытта, жылымық күндері тәулік бойы жүреді. Жағдай ушықққанда қар көшкіні едәуір көлемде жүруі мүмкін.