Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар 15 мамырдан бастап жабылады
Оған жөндеу жұмыстары жүргізілмек.Алматыдан Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады, деп хабарлады курорт әкімшілігі.
Атап айтқанда, 15-31 мамыр аралығында Медеу – Шымбұлақ және Комби-1 арқан жолы жабылса, 15 мамыр – 9 шілде аралығында Комби-2 жолы жұмыс істемейді.
Ал ККД-4 қалыпты режимдегі жұмысын жалғастырады.
15 мамырдан бастап Шымбұлаққа тек такси не эко автобустармен баруға болады.
Оқи отырыңыз: Шымбұлаққа көтерілетін автожол уақытша жабылады