Шығыс Қазақстан облысында құрылыс компаниясы үлескерлерден 606 млн теңгені заңсыз алған
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаты болмаған.Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында ЖШС басшылары үлестік құрылысқа азаматтардан заңсыз қаражат тартқан.
Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС басшылығы арнайы рұқсаты болмаса да 2021-2023 жылдар аралығында азаматтарды үлестік құрылысқа тартып отырған. Бұл шараны олар «пәтерді ерте брондау» деп атаған.
"Халықтың сенімін асыра пайдаланып, 606,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты иемденген.Қазіргі таңда тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары бұзылды, құрылыс жүргізілмейді. Сот шешімімен аталған ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиясы тоқтатылды", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Мердігер ұшты-күйлі жоқ болған". Қарағандыда 300-ден астам үлескер төрт жылдан бері салған ақшасын ала алмай жүр.
Ұйым басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.