Шығыс Қазақстан облысында 500-ге жуық sim-картаны сақтаған үш адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері алаяқтар желісін жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
Киберполиция ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, төрт роутер және бір ноутбук тәркіледі.
"Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, 2 мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.