Шығыс Қазақстан облысында 4 ауыл ішімдік өнімдерінен бас тартты
Қазіргі уақытта 4 ауылда да бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5 мыңнан астам адам орналастырылды, сондай-ақ алкогольге тәуелді 370-ке жуық адам МЕПМ-ға жіберілді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Оңалту курсынан өткеннен кейін учаскелік инспекторлар аулаларды аралаған кезде аталған адамдарды тұрақты түрде тексереді және олардың қылмыскерлердің арбауына түсіп қалмауын және өздері бұзушылықтар жасамауын қадағалайды.
Айта кетер болсақ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық кеңестер жүргізіп жатқан шаралар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп келеді.
"Облыстағы төрт ауылдың тұрғындары: Катонқарағай ауданындағы Көкбастау, Күршім ауданындағы Теректібұлақ, Ұлан ауданының Жанұзақ және Тарбағатай ауданының Байтоғас ауылдары ішімдік ішуден бас тартқан. Бұл осы ауылдардағы қылмыстық ахуалға оң әсер еткен. Онда қазіргі уақытта бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Бұл басқа елді мекендердің тұрғындарына да жақсы үлгі болмақ", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Арақты қою үшін бармаған жерім жоқ". Анонимді алкоголиктер тобындағы әйелдің хикаясы
Сонымен қатар полицейлер заңсыз алкоголь өнімін тәркілеу жұмыстарын жүзеге асырады. Өткен жылы облыста 16,5 тонна суррогат спирті тәркіленген. 205 адам оларды сату саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.