Шұрық-тесік жолдарға қатысты онлайн шағымдануға болады
Шағымдар 15 қыркүйекке дейін қабылданады.Тозығы жеткен жолдар мен жол салу, жөндеу және оны күтіп ұстау кезіндегі сыбайлас жемқорлық туралы шағымдануға болады. Осы мақтсатта "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, "Әділдік талап ет!" акциясын бастады, деп жазды Kolesa.kz.
15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Adildik.kz сайтына сапасыз жолдар туралы жазып, суретін қоса жүктеп, шағым қалдыруға болады. Ссондай-ақ 1463 call-орталығына қоңырау шалуға мүмкіндік бар.
Акция басталған алғашқы күннің өзінде сапасыз жолдарға қатысты 30-ға жуық арыз-шағым түскен. Оның арасында 2020 жылы 739 млн теңге жұмсап жөнделген Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық тас жолы да бар.
Оқи отырыңыз: "Айналма жолдың азабы": Алматы іргесінегі ауыл тұрғындары наразылық танытты