Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсету үшін қаражатты "Демеу Қазақстан қорына" аударуға болады. Қордың реквизиттерін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жария етті. 

"Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қоры

  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
  • Желтоқсан көшесі, 1-үй, НП-3
  • БСН 230640019445
  • ИИК KZ90601А871013594721
  • "Қазақстан Халық банкі" АҚ
  • БИК HSBKKZKX
  • Тел.: 8 7172 280623

"Осы уақыт ішінде бізге зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниеті жандар хабарласып, көптеген өтініштер түсті. Гуманитарлық көмекті қайда және қалай жіберуге болады деген сұрақтар көп. Қаражатты қай қорға және қандай шотқа аударуға болады? Бұл ретте, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Ресми түрде жұмыс істейтін қорлар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға хабарласып, біле аласыздар. Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық", – деді Аида Балаева.