Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және СҚО облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы – 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі. 

"2024 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы – 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды", – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда республикалық жолдардағы жағдайды реттеуге 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер біржолғы төлем алады. Оны қалай рәсімдейді?


"2024 жылғы 5 сәуірде сағат 09:30 шамасында еріген қар суының салдарынан Атырау облысы "Мұкыр-Құлсары" автожолының 0-136 шақырымында (Мұқыр ауылы – Құлсары қаласы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.