Су тасқыны: Атырау облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
Құлсары қаласында тұрғындарды қабылдайтын үш пункт ашылды.Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы әкімдік өкілдері мәлімдеді.
Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елдімекеніне су кірген. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері Қарағай тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.
"Елдімекендегі су тасқынына байланысты Құлсары қаласында үш қабылдау орны ашылды. Олар – №1, 8 және 18 орта мектерінің ғимараты", – делінген әкімдік хабарламасында.
Оқи отырыңыз: "Жасанды көл тасуы мүмкін". Ұзынағаш тұрғындары кәріз қалдығы жиналатын орынға қатысты наразылық білдірді
Аталған пункттерге тұрғындарды автобустар тасымалдайтын болады.