Республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолдарында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

Бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста: Атырау, СҚО, Атырау, Қостанайда 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр болатын су тасқыны болды.

6 облыс: Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолдарында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды.


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: Жұмыс көп, қазір күш біріктіруіміз қажет


Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмылдырылған