Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы қазіргі жағдайды баяндады. 

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Оның бәрі штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. 

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр. 



Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші — 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.

Қарағанды облысындағы үш ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.