Су басқан өңірлерге көмек: ҚМДБ 3 мамырда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді
Жәрмеңке республиканың барлық орталық мешіттерінде ұйымдастырылады.3 мамырда Қазақстандағы орталық мешіттерде "Жақсылықта жарысайық" қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.
Жәрмеңкені ҚМДБ Әйел-қыздар секторы су тасқынынан зардап шекен аймақтардың тұрғындарына рухани, материалдық көмек көрсету мақсатында қолға алып отыр.
"Жәрмеңкеде жамағатқа кітаптар, үй тағамдары, түрлі тәттілер, үй жағдайына қажетті тұрмыстық гигиеналық заттар, орамалдар, киім-кешектер ұсынылады. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады. "Жақсылықта жарысайық" қайырымдылық жәрмеңкесіне өз үлесіңізді қосып қолдау білдіріңіз, сондай-ақ тұрғылықты өңіріңіздегі орталық мешіт арқылы да көмектессеңіз болады", – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорлар мен агенттердің тізімін жария етті