Студенттерді педагогикалық тәжірибеден өткізетін тәлімгерлерге ақы төленеді
Педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тиісті ұйымдар мен білім беру ұйымдарына сараптама жүргізіледі.Студенттерді практикалық оқытуды, сондай-ақ 1-курстан бастап 4-курсқа дейінгі тәжірибелік оқытудың барлық түрлері бойынша тәлімгерлерге еңбекақы төленетін педагогикалық практиканы өткізудің жаңа әдістемелік ұсынымы бекітілді. Бұл туралы Үкімет басшысы мәлімдеді.
Бұған дейін "Қазақстан халық партиясы" депутаттары мұғалімдерді аттестациялау және біліктілігін арттыру мәселесі бойынша сауал жолдаған болатын. 2023-2024 оқу жылынан бастап арнайы жоба аясында әзірленген 30 инновациялық білім беру бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдерді аттестаттау ережелерінде қандай өзгеріс бар? Оқу вице-министрінің түсіндірмесі
"Болашақ педагогтардың практикалық дайындығын күшейту үшін мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен 200-ден астам шарт жасалды. Педагогикалық практиканы өткізу бойынша жаңа әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Ғылым және жоғары білім министрлігі "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің педагогикалық құзыреттілігі бар мұғалім" кәсіби стандартын әзірлеп жатыр", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдер білім бағалау сынағына қалай тегін дайындала алады?
Педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тиісті ұйымдар мен білім беру ұйымдарына сараптама жүргізіледі.
"Қазіргі уақытта мұғалімдерге курстық оқытуды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талапқа 30 ұйым, оның ішінде19 жеке (63%) ұйым сәйкес келеді", – делінген хабарламада.