Штаттан тыс орманшылардың жалақысы өседі
Қосымша үстемақы штаттық қызметкерлерге қарастырылған.1 шілдеден бастап орман шаруашылығы салсындағы штаттық қызметкерлердің жалақысы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес көтерілген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Қосымша үстемақы штаттық қызметкерлерге қарастырылған, себебі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемақы тағайындау мәселесі қолдау таппады. Өйткені, олар – сала мамандары емес.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысының орманшыларына жаңа техника табысталды.
Сонымен қатар, министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 миллион теңге көлемінде үнемделген сома анықталды.
Осыған байланысты, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған қаражатты 1 шілдеден бастап жалақысы көтерілгендер санатына кірмеген қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу үшін пайдалануды тапсырды. Үстемақы 4 539 қызметкерге тағайындалмақ.