Шығыс Қазақстанда орман шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мамандар аз. Бұл олардың жалақысының төмендігімен байланысты, деп мәлімдеді Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймарданов. 

Университет ректоры Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ үлгісі бойынша білім беру бағдарламалары портфелінің тиімділігін басқару туралы баяндады. 

"Білім басқармасының дамуын басқару неліктен маңызды? Себебі, әр бағдарлама іске асыру кезінде көптеген проблемаға тап болады. Олардың кейбіреуін атасақ – тез ескіру, нарық талабына ілесе алмау, нарық қарқынды дамығанымен, оны қарқынды дамыған білім бағдарламаларының басып озуы жағдайы жиі кездеседі. Сабын-көпіршік қағидатына сәйкес келетін жалған инновация да бар. Терең талдау жасалмаған, сән трендтеріне сәйкес ұзақ мерзімдегі қажеттіліктерге негізделмеген білім бағдарламалары жасалады. "Орман қалыңдығынан біз ағаштарды көрмейміз", – деді Жасұлан Шаймарданов. 

Ректордың айтуынша, білім портфеліндегі бағдарламаның 20 пайызы тиімділікті 80 пайыз қамтамасыз етеді. Ал қалған 80 пайызы ассортимент үшін сақталады. 


Оқи отырыңыз: 0,5 литр су – 300 теңге. Білім министрі мектеп асханаларындағы бағаны сынға алды


"Осының нәтижесінде ресурс, уақыт, ақша, кадрлар ысырап болады. Білім бағдарламасының тиімді әдістемесі оны сақтап қалу немесе одан бас тарту туралы шешімдер қабылдау үшін талдамалық құрал болып табылады", – деді ректор. 

Мұнымен қатар, ол кей өңірде жұмыс көп болса да, мамандардың белгілі бір салаға барғысы келмейтініне тоқталды. Өйткені, жалақысы аз. Сондай салалардың бірі – орман шаруашылығы. 

"Орман қоры, орман шаруашылығы туралы айтар болсақ, біздің өңірде 68% орман бар. Бірақ, оған жұрт бармайды, абитуриенттер онда жұмыс істегісі келмейді. Саладағы жалақы өте аз, бірақ бұл үкімет үшін керек бағдарлама. Біз оларды сол үшін сақтап отырмыз. Ол жақта өзгерістер болса, абитуриенттер көбірек баратын сияқты. Талдау нәтижелері білім бағдарламасының келешегі туралы шешім қабылдау үшін академиялық комитеттерге жіберіледі", – деді Жасұлан Шаймарданов. 


Оқи отырыңыз: Елде жүздеген мың гектар орман жері ешкімнің атына бекітіп берілмеген