2022 жылдың 3 сәуірі күні сағат 12.04 кезінде Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

"Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон – Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Шымкентте салынған веложол 5 айда жарамсыз болып қалған


Көз жұмғандар мен зиян шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін "ҚТЖ "ҰК"АҚ басшыларынан комиссия құрылды.

Еске салсақ, Алакөлге енді "Тальгомен" баруға болатыны туралы хабарлаған едік.