Спортшы болғысы келетін ерекше қажеттілігі бар балалар оқуға құжатты eGov арқылы тапсыра алады
Бұрын көрсетілетін қызметті алу үшін спорт мектептеріне өтініш және растайтын құжаттар пакетін ұсыну қажет болатын.Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған жаңа көрсетілетін қызмет онлайн форматқа ауыстырылды. Енді БЖСМ-де және мүгедектерге арналған спорт мектептерінде оқығысы келетін ерекше қажеттіліктері бар болашақ спортшы балалардың ата-аналары үйден шықпай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимде оқуға түсуге құжаттар тапсыра алады.
Барлық өтінім автоматты түрде ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қарауына келіп түседі. Бұрын көрсетілетін қызметті алу үшін спорт мектептеріне өтініш және растайтын құжаттар пакетін ұсыну қажет болатын.
Оқуға түсуге өтініш беру үшін:
- eGov.kz порталында өтінім толтыру;
- спорт түрін, қосымша білім беру ұйымы орналасқан өңірді таңдау;
- тізімнен таңдаған оқу орнының атауын көрсету;
- №031/е медициналық құжаттаманы, сондай-ақ, таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберу көрсетілген учаскелік дәрігер берген медициналық анықтаманы тіркеу;
- ЭЦҚ немесе бір реттік СМС пароль арқылы сұрау салуға қол қою.
Сұрау салу сәтті өңделген жағдайда мемлекеттік органнан өтініш берушінің жеке кабинетіне өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келіп түседі.
"Біз үшін басым бағыттардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта кеңейту және интеграциялау. Осылай, жүргізілген интеграциялардың арқасында мүгедектігі бар адамдарға биыл жеңілдетілген теміржол билеттерін онлайн сатып алу қызметі қолжетімді болды, сондай-ақ, 8 қызмет онлайн форматта шығарылды", – деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Электрондық үкімет порталында мүгедектігі бар адамдар үшін барлығы 26 көрсетілетін қызмет қолжетімді, оның ішінде: ымдау тілі маманы мен жеке көмекшіні ұсыну, шипажайда емдеу, сурдо-тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық көмек көрсету және тағы басқалар.
Бұдан басқа, бүгінгі күні порталда eGov.kz туризм және спорт саласында 10-ға жуық көрсетілетін қызмет қолжетімді, оның ішінде: спорттық атақтар мен санаттар беру, жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу және басқалар.