Солтүстік Қазақстан облысында 4 мектепке Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі
Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Оқу ордаларына Алаш арыстарының атын беру туралы мектеп басшылығы бастама көтерген. Қазір бұл ұсыныстарды республикалық ономастика орталығы қарастырып жатыр. Содан кейін Үкімет басшысы жарлыққа қол қоюы тиіс.