Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты. 

"Отбасы банк" пен "Бәйтерек" холдингі бірлесіп қосымша тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Ол – бұған дейін айтылған "9-20-25" бағдарламасы. Аталған бағдарлама бойынша 25 жылға 9  пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несие беріледі", – деді Әлихан Смайылов. 

Бағдарламаны іске асыру үшін жыл сайын 150 млрд теңге керек. 8 мың отбасы осы ипотеканың арқасында үйлі болады деп жоспарланып отыр. 


Оқи отырыңыз: Otbasy bank пен Ninety one қаржы курстарын ұсынды


"Бұл мақсатта нарықтан 100 млрд теңге тартуымыз қажет. Сондай-ақ отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөледі. Осы қаражатты қоса отырып 9% ставкаға шығу керек. Бағдарлама негізінен жастарға арналады деп ойлаймын, оны келер жылдан бастап жүзеге асырамыз", – деді премьер-министр.