Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 1630 өтініштің 1192-сін мақұлдады. Қалған 438 кәсіпкер бағалау рәсімдері аяқталғаннан кейін өтемақы алады, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр. 

"Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің 8 облысында мемлекеттік органдардың 42 ғимараты зардап шекті. Бұл – Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының қалалары. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 28 млрд теңге республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге жұмсалды. Барлық нысанға техникалық байқау жүргізілді. Нәтижесінде 28 ағымдағы жөндеу, сондай-ақ, 14 ғимаратқа күрделі жөндеу және қайта құру қажеттілігі анықталды", – деді Роман Скляр. 

Әрі қарай премьер-министрдің орынбасары наурыз айының соңына дейін 5 ғимаратқа, қалған 2 нысанға – 2022 жылдың мамыр және маусым айларында жөндеу жұмыстары жүргізілетініне тоқталды. Кестеге сәйкес, 7 ғимарат бойынша жұмыстар наурыз айында, 5 нысан бойынша ағымдағы жылдың маусым айында аяқталады.

"Айтарлықтай зардапты ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі мен "Қазақстан" ТелеРадиоКорпорациясы ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Тәртіпсіздік кезінде 1630 шағын орта бизнес субъектісіне шамамен 38,6 млрд теңгеге шығын келтірілген. Тәртіпсіздіктер салдарынан туындаған зардаптарты жою жөніндегі комиссия құрылды. 20 қаңтарда тиісті тетіктер қабылданды. Өтемақы жергілікті атқарушы органның жанындағы өңірлік комиссиялармен келтірілген залал сомасы құжаттық расталғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте жеңілдетілген тәртіпте фискалдық деректерге сүйене отырып, кәсіпкерлер 10 млн теңгеге дейін ала алады. Төлемдер үкімет резервінен, сондай-ақ, жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады", – деді Роман Скляр. 

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлердің барлығы толық өтемақы алмағанын мәлімдеді. Оларға өтемақы бағалау рәсімдері аяқталған соң төленетін болады. 


Оқи отырыңыз: Абзал Құспан: Бейбіт митингілерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырған топтардың болғанына көзіміз жетті


"11 наурызындағы жағдай бойынша, өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 1630 өтініштің 1192 мақұлдады. Қалған 438 кәсіпкер бағалау рәсімдері аяқталғаннан кейін өтемақы алады", – деп қосты Роман Скляр. 

Бұл ретте барлық шағын орта бизнес субъектілері келесідей қолдауға ие болды:

  • мемлекеттік мүлікті жалға алу төлемінен босату;
  • жеке және заңды тұлғалар несиелер төлемдердін кейінге қалдыруды қамтамасыз ету;
  • қарыз алушыларға талап қою жұмыстарын және қарыз алушыны мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігін хабардар ету тоқтата тұру;
  • салықтар мен алымдарды төлеу мерзімдерінің өзгеруі;
  • мемлекеттік кірістер органдары бастаған салық және кедендік тексерулерді тоқтата тұру және камералдық тексерулерге хабарламалар бермеу.