Қазақстанның Сот әкімшілігі мен Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін ауру түрлерінің тізімін әзірледі. Қоғамдық талқылаудан өткен соң бұл тізім екі ведомствоның бірлескен бұйрығымен бекітілуі тиіс. 

Тізімге 33 аурулар тобы енген. 

Оның қатарында склероз, яғни ұмытшақтықтың барлық түрлері, жүйке жүйесі ауруларының біршама түрі, жүрек аурулары бар. Сондай-ақ, асқынған бауыр мен бүйрек ауруларына шалдыққан адамдар, көзі көрмейтіндер, маскүнем, нашақор және уытқұмарлар да судья бола алмайды. Псориаз, күлдіреуік, ихтиоз сияқты тері аурулары да бұл тізімге енген. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда медбикелерге науқастарды қабылдап, диагноз қоюға құқық беріледі


Аурулардың толық тізімін төмендегі сілтемені басу арқылы оқуға болады: 

Толық тізім

Сәйкесінше, судья болуға үміткерлер медициналық куәландыру кезінде өзінде аталған сырқаттардың жоғын дәлелдеуі тиіс.