Сізге шетелге шығуға тыйым жоқ па? Egov оны қалай тексеруге болатынын түсіндірді
Қызмет eGov.kz порталында және қосымшасында қолжетімді.Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге тыйым салынған-салынбағанын eGov.kz Mobile ұялы қосымшасы және порталы арқылы 15 минут ішінде тексеруге болады.
eGov.kz порталына кірген соң келесі батырмаларды басасыз: "Азаматтық, миграция және иммиграция" → "Шетелге шығу" → "Шет елге шығуы шектелген, борышкерлер тізімі және атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру" → "Онлайн сұрау".
Оқи отырыңыз: Колледж түлектері QR коды бар диплом ала бастады
Жауап 15 минут ішінде қызмет орындалып жатқан бетке және жеке кабинетіңізге келеді.
Толығырақ жоғарыдағы бейнероликтен танысуға болады.