Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс қаралып жатқан елордалық сотта сотталушы Қуандық Бишімбаев пен оның әйелінің үй қызметкері арасындағы хат алмасу оқылды.

Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың телефонының мазмұнын зерделеу кезінде сотталушы мен Салтанат Нүкенованың үй қызметкері болған Жеңіскүл есімді әйелдің хат жазысуын оқып берді.

2023 жылдың 18 сәуірінде әйел Бишімбаевқа: "Ертең кешке келіп, Салтанаттың киімдерін жинап алып кетсем бола ма? Рұқсат бересіз бе? "Жинап алып кел" деп жатыр маған" деп жазды. Бишімбаев "Жоқ, сіз араласпаңыз" деп жауап берген.

2023 жылдың 5 қазанында әйел Бишімбаевқа Нүкенованың жалға алған пәтерінің мекенжайын, сондай-ақ құлыптың кодын жіберген. Бишімбаев Нүкенованың мас күйде ме екенін және үй қызметкерінің оған қаншалықты жиі баратынын сұраған. Ол үй қызметшісіне Нүкеноваға барып, оған өзінің атынан келгенін айтуды өтінген. Үй қызметкері ол Нүкенова шақырған кезде ғанабаратынын түсіндірген.

Кейінірек, өткен жылдың 16 қазанында Бишімбаев Нүкенованың жағдайын білу үшін әйелге тағы да хабарласқан.

"Жеңіскүл, қалайсың? Сен оған барып, хабарласып тұрасың ба? Мен оған хабарласа алмай жатырмын. Оның телефоны жұмыс істей ме, жоқ па? Менің ойымша, ол қайтадан іше бастады, барып тексер. Оған мені блоктан шығарсын деп айт", – деді Бишімбаев аудиожазбада.

Үй қызметкері Салтанат Нүкенованың ішпеген күйде екенін жазды. Әйел үй жинап жүргенде бірде бір бөтелкені байқамаған. Ол Нүкенованың телефоны жұмыс істеп тұрғанын айтқан.

"Жеңіскүл, мен саған қазір ақша аударамын. Такси шақырып, оған бар. Мен саған хабарласамын, сен телефонды оған бер", – деп өтінді Бишімбаев.

Әйел Салтанат Нүкенованың пәтеріне келгенімен, оны сол жерден таппаған. Сол уақытта ол заттарын қарап шығып, Қуандық Бишімбаевқа олардың барлығы орнында екенін жеткізді. Әйел Нүкенованы қалада деп болжап, өз ісімен айналысуға шыққан.


Оқи отырыңыз: Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев көріпкелге неше рет хабарласты


Бишімбаев Нүкенованың үй қызметшісі Жеңіскүлмен бес жылдай жұмыс істегенін түсіндірді.

"Неге үй қызметкерінен әйеліңізді бақылауды сұрадыңыз? Салтанат сізге не себепті бұғаттап қойды? Сіз оны аңдыдыңыз ба?" – деп сұрады адвокат Жанна Уразбахова.

Сотталушы Салтанат Нүкенованың артынан аңдымағанын айтты. Ол қазан айында Нүкеновадан уақытша ажырасқаннан кейін де үй қызметкері арқылы "қамқорлық жасауға" тырысқанын баса айтты.