Шымкенттің үш тұрғыны 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жазған
Оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданған, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылды.
Оқи отырыңыз:
- 1300 адамды алдаған Innova Gold қаржы пирамидасының жолы кесілді
- Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторий ұзартылмақ