Шымкентте полиция қызметкері әйел мен баланы қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелеттік жасқа толмаған қызы ауруханаға түсті.3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран аудандық полиция бөлімінің жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кетті. Бұл туралы polisia.kz жазды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелеттік жасқа толмаған қызы ауруханаға түсті.
Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды.
Сотқа дейінгі тергеумен Полиция департаментінің анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтың қатаң бақылауында.
Оқи отырыңыз: "Күн сайын 10 адам қаза табады". Жол апатының негізгі себептері қандай?