Күші 2 балдық жер сілкінісін Шығыс Қазақстан облысындағы Тасбастау ауылының тұрғындары сезінді. Қазақстандық сейсмологтар 24 сәуір күні сағат 11.19-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы 4,4 болды. Жер сілкінісі 5 метр тереңдікте болған. Оны тек Тасбастауда ғана сезіндік.


Оқи отырыңыз: Жер сілкінгенде үйде, көшеде және көлікте қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет


Еске салсақ, жер сілкінісі кезінде бірден, бірінші сейсмикалық толқыннан кейін 10-15 секунд ішінде әрекет ету керек.