Шетелдік автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу басталды
Қазақстанда 1815 техникалық тексеру орталығы бар.2023 жылғы 27 қаңтардан бастап міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы Қазақстанның барлық аумағында шетелдік автокөлік құралдарына техникалық тексеруден өткізеді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Енді шетелдік нөмірі бар автокөлік иелері немесе жүргізушілер ел аумағындағы 1815 техникалық тексеру орталығында тексеруден өте алады. Бұл орталықтардың мекенжайы мен жұмыс уақытын miid@miid.gov.kz сайтынан көруге болады.
Еске салсақ, шетелдік көліктерді заңдастыру басталғаны туралы хабарлаған едік. Өтінішті еGov және eGov Mobile арқылы беруге болады.
Оқи отырыңыз: "4 құжат қажет": Шетелдік көліктерді заңдастыру туралы 15 сұраққа жауап
Жүргізушілер көлігін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыра алады.