Шерубай Құрманбайұлы: Ойлай алатын ұлт аударма жасағанда түпнұсқаға байланбайды
Қазақ терминология саласындағы негізгі мәселе не?Abai TV телеарнасының "Сана" бағдарламасының эфирінде филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы қазақ тіліндегі терминдер мен сөздердің жасалуындағы мәселелерді атады.
Ғалымның айтуынша, аударма жасауда түпнұсқаға жүгіну – өте жақсы үрдіс емес.
"Аударма жасағанда түпнұсқа сөзге жүгінуге, оны негізге алуға болады. Бірақ, ұғымға ат қоюдың сан түрлі жолы бар. Мәселен, түріне, пішініне, қызметіне, түсіне қарап та ат қоюға болады. Әр ұлттың өзінің этникалық таным-түсінігіне қарай атау беруі, аударма жасауы – шығармашылық үрдіс. Әрине, егер ол ойлай алатын ұлт болса. Егер олай алмайтын ұлт болса, ол түпнұсқаға ұқсатып, соның аясынан шыға алмайды. Біздің терминология саласындағы негізгі мәселеміз осы", – деді Шерубай Құрманбайұлы.
Ғалымның сөзінше, Қазақстанда Қазақстан ХХ ғасырдан кейінгі кезеңде сөзжасам мен терминжасаммен шығармашылық үрдіс, кәсіби тәсіл ретінде айналысатын мамандарды дайындап шығара алмады. Шерубай Құрманбайұлы оның себебін ғылым мен техника саласында тек қана орыстілді мамандардың жұмыс істегенімен байланыстырады.