Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова астана күнін атап өту датасының өзгеруі мүмкін екенін айтты. Қазір бұл мерекені 6 шілдеде атап өтеді. 

"Астана күні қажет, неге қайта қарастырмасқа, бұл болашақтың еншісіндегі дүние – қандай да бір тарихи датаны белгілеу", – деді ол. 

Мұнымен қатар, депутат тұңғыш президент күнін атап өтуге қатысты өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтты. 

"Бұл мәселе шешіледі, бәлкім, бұл мереке қайта қаралатын шығар. Бірақ, жалпы бұрын болған авторитарлық механизмдер жарамайды", – деді Ақмарал Әлназарова. 


Оқи отырыңыз: 2022 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады


Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов өз кезегінде астана атауы өзгеруі мүмкін екенін бөлісті.

"Неге сіздер жоғары жақтан біреу келіп, бірнәрсені алып тастау керек деп күтесіздер? Қоғам сондықтан да азаматтық емес пе? Ол өзі әртүрлі алаң арқылы бастама көтеріп, мұны жеткізуі тиіс. Референдум өтті, бұл мәселелерді көтеруіміз керек. Қоғамды толғандырған мәселелерді көтеріп, талқыға салуымыз керек. Қоғамнан сұраныс болса біз сәйкесінше әрекет етеміз", – деді ол.