Семей халқы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін, 10 тамыз – Абай күні.Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен ардагерлер активі қатысты, деп хабарлады "Абай жаңалықтары".
"Һәкім Абай – қайталанбас дара тұлға, ұлт мақтанышы. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы халқымыз бен жаһан жұртының рухани асыл қазынасы болып қала береді. Бүгін "Абай күнін" Абай елі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жаңадан құрылған облыс дәрежесінде алғаш рет атап өтеді", – деді облыс әкімі.
Рәсімнен кейін Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының экпозициясымен танысу шарасы өтті.
Гүл шоқтарын қою рәсімі Алматы қаласында да өтті. Оған ақын-жазушылар мен қала тұрғындары қатысты.
Оқи отырыңыз: Абайдың туған күніне орай Абай облысында қандай шаралар өтеді?
Еске салайық, Абай күні – Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Үкімет Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Мереке ресми демалыс күні болып саналмайды.