Семей түрмесінде 25 жылға сотталған азамат терроризм туралы жалған ақпарат таратып, жазасы тағы 2 жылға ұзарды
Жедел уәкілдер "ізін суытпай" жалған террористі анықтады.Жалған терроризм фактісі ақпан айының ортасында Семей қаласында тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Белгісіз адам сенім нөміріне қоңырау шалып, сотталғандарға арналған колонияда терроризм актісі туралы хабарлаған. Қала полициясының дабыл бойынша көтерілген жеке құрамы ҚАЖД-мен, сондай-ақ ТЖ қызметтерімен, саперлермен, әскери қызметшілермен, ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп мекемені қарап шықты. Тексеру барысында колония аумағында жарылғыш құрылғы табылған жоқ.
Жедел уәкілдер "ізін суытпай" жалған террористті анықтады. Ол осы колонияда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін: 2000 жылы адамды өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталған болып шықты. 2003 жылы ер адам қауіпсіздігі орташа мекемеге 25 жылға сотталған. Сотта күдікті кінәні мойындап, сол күні ұстау режимінің шарттарымен келіспегенін түсіндірді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама тарататындар көбейді
Сот үкіміне сәйкес, күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалған мерзіммен бірге екі жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы мерзімі жеті жыл болды.