2023 жылы алапат өрттен зардап шеккен "Семей орманы" табиғи резерваты 4,5 миллиард теңгеге сатылып жатыр.

Резерват басшылығы өртенген қорықтардың бірін "Электронды сауда алаңы" порталында сатылымға шығарды. Сайтта барлығы 51 лот үсынылған, бастапқы баға 4,5 миллиард теңгеден асады. Ең төменгі баға 11 миллион теңге, бұл соммаға 1 083 текше метр ағаш қарастырылып отыр. 175,8 миллионға дейінгі сомаға 17 335 текше метр көлеміндегі ағаш көрсетілген. Лотта сатылымға ұсынылған ағаштар өткен жылғы өртте зақымдалған.

Электрондық сауда алаңы платформасындағы бұл лоттың өзге аукциондардан айырмашылығы — аукцион құны төмендемейді, керісінше жоғарылайды. Демек алдағы уақытта орман құны 4,5 миллиард теңгеден жоғарлауы мүмкін.

Еске салайық, 2023 жылғы маусымда "Семей орманы" табиғи қорығын алапат өртке оранған болатын. Өртті сөндіру барысында 15 адам қаза болды.