Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні: Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады
Президент өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керектігін жазды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жазба жариялады.
"Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеужұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз", – деп жазды президент.
Оқи отырыңыз: Алаш күнін белгілеу мәселесін Саяси қуғын-сүргін жөніндегі мемлекеттік комиссия қарайды