"Ауыл" партиясы Ермұхамет Ертісбаевтың Жигули Дайрабаевтың есіміне қатысты қисынсыз пікіріне қатысты мәлімдеме жасады.

"Бұл "Ауыл" партиясының мінсіз беделге ие үміткері арқылы өз атын шығаруға тырысқан популистік әрекеттен басқа ештеңе емес. Бөгде жанның есімін келеке етуге әрекеттену тәрізді азаматтық кемсітушілікпен шектесетін жиіркенішті ерсі қылықтар – мәдениетсіздік пен әдепсіздік көрінісі. Біз басқа партия жетекшілерінің саяси ергежейлі сияқты әрекетіне мүсіркеушілікпен қараймыз", – делінген партияның мәлімдемесінде.

Партия өкілдері мұндай тәсілдер  қоғамның адами қағидаттар мен адамгершілік атты мемлекеттік негіздерге  деген сеніміне нұқсан келтіріп, міндетті түрде кері әсер етеді деп есептейді.  

"Біз жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлтымыздың игі дәстүрлерін құрметтейтін және дәріптейтін қазақстандық қоғамда мұндай құбылыстарға орын жоқ екеніне сенімдіміз", – деді "Ауыл" партиясының өкілдері.  


Оқи отырыңыз: "Никто не захочет, чтобы Астану переименовали в Жигули". Ертысбаев высказался о кандидате от Ауыла