"Канело" лақап атымен танымал Сауль Альварес Instagram желісінде Қазақстанға қолдау білдіріп жазба қалдырды. 

"Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау, Орал, мен сіздермен біргемін", – деп жазды ол. 

Скриншот

Мексикалық Сауль Альваресті Қазақстанмен Геннадий Головкинмен арадағы жекпе-жек қана байланыстырмайды. Ол, сондай-ақ Атырау облысында промоутерлік компаниялардың бірімен тығыз жұмыс істейді. Әріпестік аясында қазақстандық боксшылар Сауль Альварестің командасымен бірге жаттығып, шеберлігін шыңдайды. 

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкин арасындағы 2017 жылғы жекпе-жек итжығыспен аяқталса, 2022 жылы қайта кездесуде Сауль Альварес жеңіске жеткен болатын. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстанда бүгін "Қазақстанға 112 сағат қолдау" марафоны басталады