Саңырауқұлақ, жидек пен дәрілік шөптерді қанша келіге дейін тегін теруге болады?
Ал бизнес өкілдері бұл үшін ақы төлеуі керек.Халық жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жеке және үйде пайдалануы үшін жөн-жосықсыз теруге тыйым салынған. Оның рұқсат етілген көлемін жергілікті мәслихаттар бекітеді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Мәслихаттар норманы бекіту кезінде өсімдіктер әлемін, геоботаникалық және ресурстық зерттеулер материалдарын негізге алады.
Сонымен бір адам бір мезетте:
- дәрілік өсімдіктерді (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерден басқа) 10 келіге дейін;
- жемістер мен жидектерді 20 келіге дейін;
- саңырауқұлақтарды 25 келіге дейін жинай алады.
Оқи отырыңыз: Алматы саябақтарында саңырауқұлақ теруге 40 күн тыйым салынады
Ал бизнес өкілдері бұл үшін ақы төлеуі керек. Төлемақы мөлшерін жергілікті маслихат бекітеді. Ал жинау көлемі өсімдіктердің табиғи қорын, таралуын, құндылығын, қайта өсіру мүмкіндігін, өнімділігін ескере отырып айқындалады.