"Салтанат үшін – өмір бойына бас бостандығынан айырылсын": адвокат футболка киген адамдарды Астанадағы сот залынан шығуды сұрады
Қорғаушының пікірінше, бұл алқабилер арасында теріс пікір тудыруы мүмкін.Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары сот залында "Салтанат үшін – өмір бойына бас бостандығынан айырылсын" деген жазуы бар футболка киген адамдардың болуына қарсы шықты.
Алқабилер алқасы келгенше адвокат Ерлан Ғазымжанов арыз жазды.
"Сот залында футболкаларында "Салтанат үшін – өмір бойына бас бостандығынан айырылсын" деген үгіт-насихат жазуы бар адамдар бар. Мен оларды сот отырысынан шығаруды сұраймын. Олар алқабилерге тікелей қарама-қарсы отырады және оларға теріс пікір тудыруы мүмкін", – деді Ерлан Ғазымжанов.
Айыптаушы тарап пен жәбірленуші тарап оның уәждерімен келіспеді. Олар әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге конституциялық құқығы бар екенін баса айтты.
Оқи отырыңыз: Нүкенованы өлтіру: сот Байжановқа қатысты бір айып бойынша істі қысқартты
Судья Айжан Құлбаева қорғаушының өтінішін қолдамады.
"Сот процеске қатысушыларды қоспағанда, процеске қатысушы адамдарға сотқа қандай киіммен келу керек екенін айтуға құқығы жоқ", – деді Айжан Құлбаева.