Сайлаудың алдын ала қорытындысы: Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинады
Дауыс саны бойынша екінші орында "Барлығына қарсымын" бағанасы тұр.Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.
Дауыс беруге 8,3 миллион адам қатысқан. Бұл Қазақстандағы сайлау құқығына ие азаматтардың (11,9 миллион) 69,44 пайызын құрайды.
Дауыс саны бойынша екінші орында "Барлығына қарсымын" бағанасы тұр. Оны дауыс берушілердің 5,8 пайызы таңдаған.
Алдын ала қорытынды нәтиже бойынша кандидаттардың жинаған даусы төмендегідей:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%;
- Жигули Дайрабаев – 3,42%;
- Қарақат Әбден – 2,6 %;
- Мейрам Қажыкен – 2,53%;
- Нұрлан Әуесбаев – 2,22 %;
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%;
Сайлаудың ресми қорытындысы алдағы уақытта жарияланады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы 2022 жылғы президент сайлауының хронологиясы