Бүгін Шымкенттегі "Қажымұқан" атындағы орталық стадионда шаһар басшысы М. Әйтенов және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы – "Шымкент" командасын құттықтады.

 

"Шымкент" әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді. 

Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың "Барселона", "Бавария", "Лион", "Манчестер Сити" секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады. 

Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.

"Шымкент" командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты. Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында "Ордабасы" Қарағандының "Шахтер" командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі