Ресейде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам тіркелді
Қазақстанда әзірге маймыл шешегін жұқтырғандар анықталған жоқ.Ресей Федерациясында маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлады Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметі.
Маймыл шешегі Еуропа елдеріне саяхат жасап оралған азаматтан анықталған. Ол денесіндегі бөртпеге шағымданып, емханаға қаралғаннан кейін оған маймыл шешегі диагнозы қойылған. Науқаспен қарым-қатынас жасаған адамдардың бәрі қазір дәрігерлердің бақылауында.
"Науқас оқшауланып, қазір инфекциялық ауруханада жатыр. Ауру жеңіл формада өтуде. Науқастың өміріне қауіп жоқ. Онымен Ресей аумағында байланыста болған адамдар саны шектеулі. Ол пәтерде жалғыз тұрған", – делінген ресми хабарламада.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда әзірге бірде-бір адамда маймыл шешегі ауруы анықталған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Маймыл шешегінен қорғайтын маска сатылады деген ақпарат – жалған
- Маймыл шешегінен 271 миллион адам өледі деген ақпарат – жалған