Орталық референдум комиссиясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен офлайн және онлайн режимде азаматтарды алдағы референдум туралы ақпараттандыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Отырысқа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, әкімдіктердің, барлық өңірлердің аумақтық комиссияларының басшылығы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өз кіріспе сөзінде "Референдум туралы" Конституциялық заңға сәйкес референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрі жария түрде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Орталық референдум комиссиясы азаматтарды референдумға әзірлік барысы туралы барынша хабардар етіп келеді.

Төраға Комиссияның барлық отырыстары гибридті форматта, яғни офлайн әрі онлайн режимдерде бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуымен өтіп отырғанын айтты. Отырыстар ОРК интернет-ресурсы арқылы трансляция арқылы көрсетіліп, сурдоаудармамен қамтамасыз етіліп келеді. Әр отырыстан кейін БАҚ-қа арналған брифингтер өткізілуде, онда журналистердің барлық сұрақтарына толық жауаптар беріліп жатыр.

Референдумның барлық қаулылары, баспасөз релиздері мен өзге де ақпараттық материалдары комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған және барлығына қолжетімді. Ақпараттық-түсіндірмелік бейне, аудиороликтер, интернет-баннерлер, баспа басылымдарына арналған модульдер әзірленіп, республикалық және өңірлік БАҚ-қа таратылып отыр. Осылайша, комиссия тарапынан референдумға дайындық процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Іс-шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров сөз сөйлеп, Министрлік барлық ақпараттық ресурстарды осы жұмысқа тартып, сондай-ақ ақпараттық алаңға тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті. БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы әр өңір бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу жөнінде ақпараттық хабарламалар мен графикалық өнімдер таратылғанын атады.

Үгіт жұмыстары кезеңінде 5 мамырдан бастап 499 республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралына мониторинг жасалды, олардың:

  • 321-і газет;
  • 47-сі телеарна;
  • 131-і интернет-ресурс.

2022 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша үгіт жұмыстарын бұзу жағдайлары тіркелмеген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов кеңеске қатысушыларды "ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу" сервисін әзірлеу бойынша ведомствоның атқарған жұмысы туралы хабардар етті. Бұл сервис 3 ақпараттық ресурста орналастырылған:

  1. https://www.gov.kz/referendum;
  2. https://referendum.gov.kz/;
  3. https://referendum2022.gov.kz/ 

Қазақстан азаматы ЖСН арқылы референдумдағы өз учаскесін таба алады. Учаске болмаған жағдайда, автоматты түрде әкімдіктердің call-орталықтарының тізімдері көрсетіледі.  

Осы сияқты сервистер Kaspi.kz және Қазақстан Халық банкінің Homebank қосымшаларында жасалынуда. Жақында осы сервис іске қосылады деп күтіліп отыр.  

Сондай-ақ, облыс әкімдіктерінің өкілдері халыққа дауыс беру учаскелері туралы ақпарат беру бойынша референдум, колл-орталықтардың, Telegram боттардың жұмысы туралы хабардар ету жөнінде атқарып отырған жұмыстары туралы баяндады.

ОРК төрағасы азаматтардың есептен шығару куәліктері арқылы дауыс беру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Нұрлан Әбдіров азамат өзінің тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап 4 маусым сағат 18.00-ге дейін  учаскелік комиссияға берген өтініш негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы екенін атап өтті.

  • Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде алуға жол беріледі. Бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру міндетті емес.
  • Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік комиссия дауыс беру күні азаматты оның келген жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді.
  • Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді. 

Жиын соңында Нұрлан Әбдіров дауыс беру күніне аз уақыт қалғанын айтты. Сондықтан азаматтарды алдағы референдум туралы хабардар ету жөніндегі барлық қажетті шараларды күшейту маңызды екенін алға тарта отырып, БАҚ ресурстарын, SMS жіберілімдерді, колл-орталықтардың, әкімдіктер жанындағы Telegram боттардың жұмыстарын қарқындату қажетттігін атап өтті. 

ОРК Төрағасы Нұрлан Әбдіров: "Қазақстандықтар азаматтық белсенділік танытып, өздерін тізімде тексеруі, енгізілмеген жағдайда, тіркелген жері бойынша тиісті учаскелік комиссияларға жүгінуі, сондай-ақ өзінің болатын орнын ауыстырған кезде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктерін уақтылы алуы тиіс. Республиканың барлық азаматтарына олардың референдумға қатысудағы конституциялық құқықтарын іске асыруға барлық мүмкіндіктерді жасау қажет" – деп атап өтті.