Референдум: Дауыс беруде ең белсенді өңір – Түркістан облысы
Жалпы осы сағатқа дейін 7 624 641 адам референдумға қатысқан.Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылдың 5 маусымы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 пайызы бюллетень алды, деп хабарлады Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы бойынша – 69,07%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 55,90%;
- Алматы облысы бойынша – 68,10%;
- Атырау облысы бойынша – 62,45%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 65,49%;
- Жамбыл облысы бойынша – 68,10%;
- Қарағанды облысы бойынша – 73,31%;
- Қостанай облысы бойынша – 71,07%;
- Қызылорда облысы бойынша – 75,02%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 59,14%;
- Павлодар облысы бойынша – 72,88%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 73,12%;
- Түркістан облысы бойынша – 78,24%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,76%;
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 53,87%;
- Алматы қаласы бойынша – 29,82%;
- Шымкент қаласы бойынша – 69,55%.
Жалпы осы сағатқа дейін 7 624 641 адам референдумға қатысқан. Бұл тізімге енгізілген адамдардың 65,04 пайызын құрайды.
Келесі жедел ақпарат сағат 20.00-де беріледі.