Қызылорда қаласы полиция басқармасы 6 жастағы баланы зорлады деген күдікпен 16 жастағы мектеп оқушысы ұсталып, қамауға алынғанын растады. Қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған. 

"Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталынып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы Департамент бастығының қатаң бақылауында. Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", – делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасының ресми хабарламасында. 

Loading...

Ал жәбір көрген бала қазір ауруханада ем алып жатыр. 

Ресми емес дереккөздеріне сүйенсек, қамауға алынған оқушы толық емес отбасынан шыққан. 


Оқи отырыңыз: Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты сот отырыстары басталды