Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін "Самара-Шымкент" тас жолы бойында Арал ауданы, Аралқұм елді мекені тұсында Қазалы – Арал бағытындағы жеңіл автокөлік жол апатына ұшыраған.

Loading...

Жол апатынан 8 адам қаза тапты, олардың екеуі Қазалы ауданының тұрғындары болса, қалған алты азамат Арал ауданының тұрғындары. Қаза болғандар – 26-47 жас аралығындағы азаматтар.

Арал ауданының әкімдігі ауа райының қолайсыздығы, жолдарды қар басып тайғақ болуына байланысты жолға шығарда абай болуға шақырады.