Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы жол қашан жөнделеді?
Жолды жөндеу жұмыстары 2030 жылға дейін екі кезеңде жүзеге асады."Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомобиль жолының "Ақтөбе – Қызылорда" учаскесін 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа көшіру бойынша жұмыстар 2023-2030 жылдары жүзеге асырылады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтың сауалына берген жауабында айтылған.
Жөндеу жұмыстары екі кезеңде жүзеге асады:
І кезең: 2023-2025 жылдар
Бұл кезеңде ұзындығы 262 шақырым "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автожолы қайта құрылады. Оған 42,4 млрд теңге қаржы қаралған (2023 жылы – 2 млрд теңге, 2024 жылы – 30 млрд теңге және 2025 жылы – 10,4 млрд теңге).
Автожолдың 94 км бөлігінің жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама жасалып жатыр, ол 2023 жылдың маусым айының соңына дейін аяқталады. Ал жолдың қалған 162 км бөлігі бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
Оқи отырыңыз: 15 минут ессіздік. "Жол гипнозының" симптомдары қандай және оның қалай алдын алуға болады?
ІІ кезең: 2025-2030 жылдар
Екінші кезеңде "Қызылорда – Ұлғайсын" автожолын (4 жолақ) қайта құру бойынша жұмыс жүргізіледі.