Қырғызстанда "Инициатива112" бастамасы бүгін "Қазақстанға 112 сағат қолдау" марафонын өткізеді. 

"Әлеуметтік желіде болатын шара ертең Бішкек уақытымен сағат 15:00-де басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысуға ниет білдіруші көбейіп жатыр. Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді дейді. Тікелей эфирге әлемнің әртүрлі елдерінен спикерлер қосылып, қолдау білдіреді", – делінген бастама хабарламасында


Оқи отырыңыз: Су тасқынымен күрес: Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек


Еске салайық, Қырғызстанға Қазақстанға бұған дейін екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді. 

Бірінші ретте 6 сәуірде Қырғызстан 300 тонна гуманитарлық жүк тиелген "Көмек керуенін" жолға шығарса, 13 сәуірде  сүт өнімдерінен тұратын тағы көмек жіберді. Оның құрамына 10 мың литр айран, 10 мың литр сары май, 10 мың литр өсімдік майы, 20 тонна ірімшік және 80 тонна құрғақ сүт бар. 

"Жүк қырғыз халқының өз күшімен жиналды және президенттің резер қорынан қосымша қаражат бөлінді", – делінген Қырғызстан ТЖМ хабарламасында