Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, құрбан айт күндері Qurban2023.kz сайтына құрбан шалу бойынша 1842 тапсырыс берілсе, 2181 мұқтаж отбасыдан ет алу жөнінде өтініш түскен.

Құрбан шалу рәсімі барысында жалпы саны 32 293 мал сойылса, оның 28 608-і – қой, 1823-і – ешкі, 1825-сі – сиыр, ал түйе саны – 37.

123 594 отбасыға 1 104 тонна ет үлестірілген. Құрбандық еті мұқтаж отбасылармен қатар, мүгедектер қоры, зағиптар қоры, аурухана сынды өзге де мекемелерге таратылған.


Оқи отырыңыз: Құрбан айттың бірінші күні қанша және қандай мал сойылды?