Құрбан айт – 2023: Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға таратылады.Астана қаласында қасиетті Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындар белгіленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тұрғындар бекітілген орындарда таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін құрбандық шала алады.
Құрбандық шалатын орындар:
- "Ұлжан" әмбебап базары, "Сарыарқа" ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары);
- "Жайлау" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
- "Шанхай" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
- "Шопан ата" базары, "Байқоңыр" ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
- "Баракат" базары, "Байқоңыр" ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға таратылады.
Айта кетейік, Астана мешіттерінде айт намазы 28 маусым сағат 06.00-де оқылады.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Құрбан айт намазы нешеде оқылады?